ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2018 | 16:38
Алматыдағы "Сайран" автовокзалында мұз айдыны пайда болады
Алматыдағы "Сайран" автовобекетінің вокзал аумағы кеңейіп, жаңа мұз айдыны пайда болады. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, сауда саттыққа арналған 100 нысан мен 20 кафе - 120 конструкция бұзылған, ал сол жердегі аумақ абаттандырылды.
"Ендігіде автовокзал әлдеқайда өзгере түсті, оның алдыңғы жағы ашылды, мұнда үш тілде нұсқаулықтар, паркоматтар, бейнебақылау камералары, фастфуд, Wi-Fi-зоналар, мұз айдыны, заманауи таксамоторлық тұрақтар және билет сататын терминалдар пайда болады", - деді Өскенбаев.
Сонымен қатар, көлік логистикасы, вокзал маңы кеңейеді және жаяу жүргіншілер зонасы пайда болады. Туристтік автобустар үшін тұрақтар, субұрқақтар, тұрақтар және жасыл аймақтар пайда болады.
Показать комментарии
Читайте также