14 тамыз 2019 | 09:29

Алматыдағы сел қаупі: Полиция Тау Самалы және Қарағайлыға кіреберісті жауып тастады

Видео кадры

Сел жүру қаупіне байланысты Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарағайлы мен Тау Самалы ықшамаудандары жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сел жүру қаупіне байланысты Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарағайлы мен Тау Самалы ықшамаудандары жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Қазіргі уақытта Нәжімеденов көшесі, Шапай және Қарағайлы аудандары бағыттары жабылды. Бұл жерден тұрғындарды шығарып жатыр, бірақ көлікте де, жаяу жүргіншілерді кіргізбейді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматы әкімдігі сел қаупін растаған болатын. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қазір Наурызбай ауданына оқиға орнына барды. 

"14 тамызда Наурызбай ауданында сел қаупі жарияланған болатын. Халықты хабардар етіп үлгердік. Эвакуациялық пункттердің мекен-жайы анықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, энергетика қызметкерлеріне жарық пен газды өшіруге тапсырма берді", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная