01 желтоқсан 2023 | 14:07

Алматыдағы "Сергек" камералары қанша "табыс тапты"?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы "Сергек" камералары соңғы үш жылда қанша ақша әкелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Сергек" камералары соңғы үш жылда қанша ақша әкелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның мөлшері қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды.

Реклама
Реклама

Мәслихат сессиясында Алматының цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабектің айтуынша, "Сергек" жобасының нәтижесі оң және "әлеуметтік-экономикалық тиімділік бар".

"2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін "Сергек" жол қозғалысы ережесі бойынша 4 миллион 996 мың 691 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді. 35 миллиард 614 миллион 748 мың теңге айыппұл салынды. Жергілікті бюджетке 27 миллиард 532 миллион 297 мың теңге өндірілді", - деді Жаңабек.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 17 пайызға төмендеді, жолдардағы өлім-жітім 40 пайызға төмендеді, жараланғандар саны 30 пайызға төмендеді.

"Алматы жол қозғалысы қауіпсіздігінің және талдауының интеллектуалды жүйесі" мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында қалада барлығы 7900-ге жуық "Сергек" камерасы орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная