Алматыдағы Сейфуллин даңғылында жол қозғалысы ішінара шектеледі

Дина Шарипханова Корреспондент
фото:elements.envato.com

Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"15 маусым сағат 22.00-ден 16 маусым сағат 10.00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Сейфуллин даңғылында, Кипренский көшесінен Анна Никольская көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Аталған көшедегі қозғалыс жүрісі екі жақтан да жабылады", - "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.

Бұл көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілетіні айтылды.

Реклама
Реклама

"Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама