ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2023 | 14:26
Алматыдағы сейсмикалық аудит: қанша ғимаратты тексеру жоспарланған?
Биыл Алматыда жаңа сейсмикалық аудит жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл Алматыда жаңа сейсмикалық аудит жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа Бас жоспардың бірінші кезектегі міндеті - Алматының сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру.
Екінші жартыжылдықтан бастап қаланың 16,7 мың нысанына сейсмикалық аудит жүргізу жоспарланған.
"Осы аттестаттау қорытындысы бойынша қаланың аса қауіпті және қауіпсіз нысандарының жай-күйін көрсететін жаңа тәуекел картасы, сондай-ақ жер сілкінісі қаупін басқару, жер сілкінісі салдарларының алдын алуды ұйымдастыру, сейсмикалық ғимараттарды нығайту және сейсмикалық төзімділік нормаларын күшейту жоспары әзірленеді", - деді Асқар Әмрин.
Ол 2017-2018 жылдар аралығында "ҚазҚСҒЗИ" АҚ 10 158 қалалық нысанды сейсмикалық төзімділікке аттестациядан өткізгенін атап өтті. Нәтижесінде 3087 нысан сейсмикалық төзімді емес деп танылғаны анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также