Алматыдағы Шагабутдинов көшесінің екі учаскесі жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: 24.kz

Алматыдағы Шагабутдинов көшесінің екі учаскесінде жол жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Шагабутдинов көшесінің екі учаскесінде жол жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.

21 шілде мен 4 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін аумақ жабылады. Көлік қозғалысы екі жаққа да шектеледі.

21 шілде мен 11 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Әйтеке би көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі аумақ жабылады. Көлік қозғалысы шығысқа қарай бір бағытта шектеледі.

Реклама
Реклама

"Бұл жер астындағы құбырға жоспарлы жұмыс жүргізілуімен байланысты. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өтудің жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама