24 сәуір 2023 | 17:22

Алматыдағы тағы бір тұрғын үй кешені алуға кеңес берілмейтін үйлер тізіміне енді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыдағы тағы бір тұрғын үй кешені алуға кеңес берілмейтін үйлер тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы тағы бір тұрғын үй кешені алуға кеңес берілмейтін үйлер тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жүргізілген мониторинг нәтижесінде интернет желілерінде Шашкин, 42/1 көшесінде орналасқан Maison ТҮК-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланғаны анықталды.

Реклама
Реклама

"Алайда, бұл жер телімінің нысаналы мақсаты жер асты автотұрағы бар әкімшілік ғимарат салу және пайдалану болып табылады, ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы медициналық пункт салуға алынған. Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым шығарды, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа талап арыз берілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, басқарма Экономикалық тергеу департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін хат жолдаған.

Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына қоңырау шалу арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная