31 қаңтар 2022 | 12:09

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: кәсіпкерлерге 33 миллион теңге төленді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда қаңтардағы оқиға салдарынан келтірілген залалды өтеуге 17 кәсіпкерге 33 миллион теңге төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қаңтардағы оқиға салдарынан келтірілген залалды өтеуге 17 кәсіпкерге 33 миллион теңге төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен шағын және орта бизнес шығындарын өтеуге өтінімдерді қарау бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгіне дейін InfoKazakhstan.kz электрон платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 2000-нан астам өтінім түскен.

"Өтінімдер жеңілдетілген тәртіп, сондай-ақ сот сараптамасының қорытындылары мен өтініш берушінің қалауы бойынша қаралады. Алматы қаласында жедел сараптама жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істейді, оған қосымша 68 сот сарапшысынан тұратын арнайы қор құрылды", - деді премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Алдағы уақытта жеке бизнес қызметін қалпына келтіру үшін қаңтардағы оқиға салдарынан келтірілген зиянды жедел өтеу жөніндегі жұмыстар жалғасады.

Еске салайық, Алматы әкімдігі мәліметінше, келтірілген залалдың жалпы сомасы 112 миллиард теңге. Оның 67 миллиарды бизнес иелеріне берілген. 12 қаңтарда "Атамекен" ҰКП деректері бойынша Қазақстандағы тәртіпсіздіктен зардап шеккен бизнес шығыны 103,7 миллиард теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная