16 ақпан 2022 09:45

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: зардап шеккен кәсіпкерлерге миллиард теңгеге жуық өтемақы төленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
ФотоTengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қалалық Кәсіпкерлік басқармасы 2022 жылдың қаңтарында зардап шеккен кәсіпкерлердің қанша өтініші мақұлданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Кәсіпкерлік басқармасы 2022 жылдың қаңтарында зардап шеккен кәсіпкерлердің қанша өтініші мақұлданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды анықтау жөніндегі облыстық комиссияның 13 ақпандағы отырысында, кәсіпкерлердің 351,5 миллион теңгеге 183 өтініші мақұлданғанын департамент растады.  218 миллион теңге болатын 111 өтініш бюджеттен қаржыландырылды. 132,8 миллион теңгеге тағы 72 өтініш - "Жаңа Алатау" қайырымдылық қоры есебінен төленді.

Алматыда барлығы 996,4 миллион теңгеге 545 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 431,1 миллион теңгеге 251 өтінім бюджет есебінен, 565,3 миллион теңгеге 294 өтініш "Жаңа Алатау" қорынан қаржыландырылды. Өтініштер Info Kazakhstan сайтында да қабылданады.

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, тәртіпсіздерден кейін нысандарын өз қаражатына қалпына келтірген кәсіпкерлерде "2022 жылдың қаңтарындағы тәртіпсіздіктердің құрбаны деп тану туралы жарлығы" болса өтемақы алуға өтініш бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram