28 қаңтар 2022 10:43

Алматыдағы тәртіпсіздіктерді тексеру үшін өңірлерден сот-медициналық сарапшылар жіберілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото. Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыға қаңтар оқиғасын тергеу үшін еліміздің басқа өңірлерінен 14 сот-медициналық сарапшы келді. Олармен бірге жұмысқа тағы 19 жергілікті маман жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға қаңтар оқиғасын тергеу үшін еліміздің басқа өңірлерінен 14 сот-медициналық сарапшы келді. Олармен бірге жұмысқа тағы 19 жергілікті маман жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада бес бағыт бойынша сараптама жүргізіледі: құрылыс, тауар, өрт-техникалық, баллистикалық және экономикалық.

"Сараптаманы жергілікті 19 маман мен басқа өңірлерден жіберілген 14 сарапшы жүргізіп жатыр. Осылайша, сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты жұмыс істеп жатыр. Бірде-бір қағазбастылық пен кешігу дерегі жоқ", - деп хабарлады үкіметтен.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 68 сот сарапшысының резерві құрылды, олардың көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған. 31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі Алматыға жіберіледі. Қалғандары тиісті органдар сот сараптамасын тағайындау ретінде жұмысқа тартылады.

"Осындай сараптама жұмыстары Шымкентте, сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram