04 ақпан 2022 | 12:11

Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін қамауға алынған үш баланың әкесі босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com @advokat_oleg_chernov, @abildaeva.l.a.a

Қаладағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған алматылық Тимур Ким тергеу изоляторынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаладағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған алматылық Тимур Ким тергеу изоляторынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылдың 9 қаңтарынан бері Ләйлім Әбілдаева отағасын қамаудан босатуды сұрап, тағылған айыпты алып тастауды талап етіп жүр. Оның айтуынша, бұрын айып тағылған бап қайта сараланған. Дегенмен, әзірге толық мәлімет жарияланған жоқ. Қазір Тимур Ким отбасымен үйінде.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Әбілдаева 9 қаңтарда сағат 19.00 шамасында бетперде тағып, автомат ұстаған 10 шақты адам үйіне басып кіріп, үш баласының көзінше отағасын ұрып-соққанын айтып берген болатын. Содан кейін оны белгісіз жаққа алып кеткен. Әйел күйеуін бірнеше аптадан кейін ғана тапқан.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, ол кезде ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі бойынша лаңкестік жасады деген күдікпен ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная