13 желтоқсан 2022 | 17:04

Алматыдағы тау бөктерінде салынып жатқан таунхаус сүрілетін болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматының тау бөктерінде салынып жатқан таунхаус сот шешімі бойынша сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының тау бөктерінде салынып жатқан таунхаус сот шешімі бойынша сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Нұрлытау шағынауданында салынып жатқан көпқабатты үй бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастаған.

"Биыл наурызда Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеру нысанның заңсыз салынып жатқанын анықтады. Құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарлмада.

Реклама
Реклама

Әкімдік мәліметінше, нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заңбұзушылықтар жойылмай, осыған байланысты материалдар заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу үшін Бостандық аудандық сотына жолданды. Аудандық сот нысанды бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, нысан иесі оған кері шағымданған.

"Сот отырысының қорытындысы бойынша Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная