Алматыдағы тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Фото: Алматы әкімдігі

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, сот шешімі бойынша, Көлсай шағынауданы, №2237 учаскеде салынып жатқан үш ғимарат сүрілді.

"Басқарма жүргізген жоспардан тыс тексеру меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салуға кіріскенін көрсетті. Меншік иесіне қатысты заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, 316-бап 1-бап бойынша әкімшілік шара қабылданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2023 жылы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылы 22 қыркүйектегі сот шешімі бойынша бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

"Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная