ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2022 | 17:12
Алматыдағы тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді
Алматыдағы Pioneer тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы Pioneer тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 наурыз күні таңертең қатты жауын-шашын салдарынан Қотырбұлақ өзені бассейнінің жоғарғы ағысында жалпы көлемі 30 мың текше метрді құрайтын қар көшкіні жүріп өткен.
Ведомство қар көшкіні Pioneer отбасылық тау шаңғысы курортының құрылысына дейін жеткенін айтты. Оқиға орнына "Қазселденқорғау" ММ Алматы пайдалану-техникалық басқармасының басшысы Самат Дәуленканов барды. Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін, 15 наурызда, "Қазселденқорғау" ММ филиалы курорт әкімшілігіне көшкін қаупі барын айтып, қажетті шараларды қабылдау туралы ұсыныс берген болатын. Мамандардың ұсынысынан кейін арқанды жолдың жұмысы мен шаңғы трассаларында сырғанау тоқтатылды.
Осыған дейін Алматы облысында 165 қар көшкіні болса, соның он сегізі қауіп төндірді. Алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері жалпы көлемі 82,8 мың текше метрді құрайтын 16 профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік, ТЖД кіші және үлкен Алматы өзендерінің тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 19-24 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертеді.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына қар көшкінін тудыруы мүмкін тік қарлы беткейлерге шықпауға кеңес берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также