26 тамыз 2022 | 14:34

Алматыдағы "Целинный" кинотеатры орнына не салынатыны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Олег Ямщиков

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Целинный" кинотеатры орнына не салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Целинный" кинотеатры орнына не салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы ауданының тұрғыны қала әкімімен кездесуде бұрынғы кинотеатрдың тағдыры туралы сұрақ қойды. "Мен Алматының тумасымын, мені "Целинный" кинотеатрының тағдыры қатты алаңдатады. Қазіргі уақытта ол жабылды, біраз жұмыстар басталды, қазір ол тоқтап тұр. Оның алдағы жағдайы не болмақ" - деп сұрады ол.

Алматы әкімі Ерболат Досаев кинотеатр заманауи өнердің орталығына айналады деп жауап берді.

Реклама
Реклама

"Заманауи өнерге арналған жаңа қалалық арт-орталық болады. Жұмыс барысында қасбеттің үстіңгі қабаты астынан бірегей мозаика табылды, сондықтан қажетті рұқсаттар қажет болды. Келесі жылдың аяғына дейін Алматы қаласында жаңа мәдениет ошағы бой көтереді деп сенемін. Кинотеатр ретінде заманауи талаптарға сай келмейді", - деді әкім.

Еске салайық, 2018 жылы "Целинный" орнында дәл осындай атаумен заманауи мәдениет орталығын ашу жоспарланып отырғаны белгілі болды. Ғимаратты зерттеу кезінде кеңес суретшісі Евгений Сидоркиннің бұрын жоғалған деп саналған туындысы табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная