ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 сәуір 2026 08:16
Алматыдан 57 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Сейсмологтар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болғанын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметі бойынша, 22 сәуірде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:26-да магнитудасы 3,3 болған жер сілкінісі тіркелді. Картаға сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Қырғызстанның елді мекендерінде сезілмегені анықталды. Оның Қазақстанға әсері туралы ақпарат жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу