17 қазан 2022 | 15:02

Алматыдан Ыстықкөлге дейін жол салу: жобаның егжей-тегжейі айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:ru.qaj.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Алматыдан Ыстықкөлге тікелей жол салу жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Алматыдан Ыстықкөлге тікелей жол салу жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қырғызстан Республикасы Ыстықкөлден Алматы қаласына тікелей жол салу мәселесін көтеріп отыр. Бүгінде қырғыз тарапының ұсынысы бойынша ұзындығы 280 шақырым болатын Алматы-Ұзынағаш-Қастек-Михайловка-Шолпан Ата бағыты қарастырылып жатыр", - деді Комитет өкілдері.

Бұл ретте, ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің мәліметі бойынша, қазақстандық бөліктің ұзындығы 134 шақырым болады деп болжанған. Сондай-ақ, министрлік Қазақстан тарапындағы жұмыс көлемін де түсіндірді:

Реклама
Реклама
  • Алматы-Ұзынағаш - 45 шақырым, жол жағдайы жақсы.
  • Ұзынағаш-Қастек - 42 шақырым, жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
  • Қастек-Михайловка - ҚР шекарасы - 47 шақырым, жаңа құрылыс. 
  • Бақылау-өткізу пунктін салу қажет.

Фото: Tazabek сайтынан

Қырғызстан бөлігіндегі жолдың ұзындығы 146 шақырым болады: бұл ретте Кемин қаласынан Шолпан Атаға дейінгі 145 шақырым жол салынып біткен, жолдың жағдайы жақсы. Қырғыз тарапына тек Қазақстан Республикасының шекарасынан Кемин қаласына дейін жол салу керек, бұл жолдың бір шақырымы.

Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 75 миллирад теңге болады деп болжанған.

Комитет Алматы-Отар-Қордай-Бішкек-Шолпан Ата бағыты бойынша қолданыстағы жолдың жағдайы жақсы екенін атап өтті. Бұл бағыттың ұзындығы 485 шақырым болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная