ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2022 | 15:03
"Алматыэлектркөлік" автобустардың тежегіш жүйесіне қатысты ақпаратқа жауап берді
"Алматыэлектркөлік" автобустардың тежегіш жүйесі элементтерінің ұрланып, арзанырақ материалдан жасалған бөлшектерге ауыстыру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Алматыэлектркөлік" автобустардың тежегіш жүйесі элементтерінің ұрланып, арзанырақ материалдан жасалған бөлшектерге ауыстыру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Желіде "Алматыэлектркөлік" компаниясындағы ұрлық - автобустың мыстан жасалған тежегіш құбырларын арзан алюминий құбырларға ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Жазба авторларының айтуынша, оларға ақпаратты компания қызметкері жіберген. Сондай-ақ, ол 9 қарашада түсірілді делінген видеоны қоса жолдаған, онда автобустардағы бөлшектер материалы әртүрлі екені көрсетілген.
"Алматыэлектркөлік" ЖШС Tengrinews.kz тілшісіне 8 қарашада жол апатына ұшыраған №201 автобус 2022 жылы сатып алынғанын хабарлады. Бұл топтаманың барлық автобусы жақсы жағдайда, зауытта жабдықталған және өндіруші кепілдігі бар.
Бұл ретте компания бөлшектерді ұрлау деректері болғанын растады.
"Бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған мыс құбырларын ұрлау деректері 2021 жылы сатып алынған автобустар партиясына қатысты. Деректер бойынша материалдар заң аясында шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", - деді компания өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также