Алматыға 300 автобус сатып аламыз - Ерболат Досаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыға 300 автобус сатып аламыз - Ерболат Досаев Иллюстрация: ©Әлихан Сариев

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев тұрғындардың автобустарға қатысты шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев тұрғындардың автобустарға қатысты шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Түрксіб өңірінің тұрғындарымен кездесуінде айтты.

"(...) Мектеп те, балабақша да орналасқан Магнитная көшесі бойымен бір ғана №74 автобус жүреді, тағы бір бағыт қосуға бола ма" – деп аудан тұрғындарының бірі әкімге сұрақ қойды.

Реклама
Реклама

"Жылжымалы құрамды жаңартып жатырмыз. 300 автобус сатып аламыз. Бұл учаскені интервал бойынша өлшейміз. Қажет болса, маршрутқа автобустар қосамыз", - деді Досаев.

"74-бағыт кесте бойынша жүреді. Тасымалдаушы - "Алматыэлектротранс", 10 жылжымалы құрам қозғалысты толығымен қамтиды. Қозғалыс аралығы 12-15 минут", - деп қосты Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама