15 шілде 2021 | 16:01

Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды

TENGRINEWS/ Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, магнитудасы 4,0 жер сілкінісі "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы"  сейсмикалық станциялар желісінде 15 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.48-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 44 шақырым жерде, Талғар ауданының аумағында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,4. Тереңдігі - 10 шақырым.

Реклама
Реклама

"Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, ҚазСелденҚорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарланды, тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, қираулар мен қаза тапқандар туралы хабарлама түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная