Алматыға жұмысқа кетті: Қостанай облысында 21 жастағы жігіт жоғалып кеткен

Алматыға жұмысқа кетті: Қостанай облысында 21 жастағы жігіт жоғалып кеткен Иллюстративті фото:depositphotos.com

Қостанай облысында 26 сәуірде жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысында 26 сәуірде жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Басылым "Дос" іздестіру-құтқару жасағы еріктілерінің мәліметін келтіреді.

Олардың мәліметінше, Роман Юрцевич Қостанайдан Алматыға жұмысқа аттанып, содан бері байланысқа шықпаған. Оның қасында Пума есімді иті болғаны айтылады. Жануардың мойнында алтын түсті қарғыбауы болған.

Жарнама
Жарнама

Ер адамның белгілері: дене бітімі орташа, бойы шамамен 180 сантиметр, көзі көк. Оң аяғында жылан оралған бас сүйек бейнесіндегі татуировкасы бар.

Жігіттің қайда екені осы уақытқа дейін белгісіз.

Еріктілер қандай да бір ақпарат білетін жандардан 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама