Алматыға бара жатқан жолда итімен бірге жоғалып кеткен Қостанайдың 21 жастағы тұрғыны аман-есен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Роман Юрцевичтің қайда екенін полиция қызметкерлері анықтады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оның Алматыда екенін анықтады. Жігіт аман-есен табылды. Оны алып кету үшін әкесі жолға шықты", — деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінен.
Бұған дейін еріктілер Қостанайдан Алматыға жұмыс істеуге кетіп, хабар-ошарсыз кеткен Роман Юрцевичті іздестіріп жатқандарын хабарлаған болатын. Оның қасында Пума есімді иті болғаны айтылды.
Жігітті іздеуге еріктілер мен полиция қызметкерлері тартылып, бағдарлар Алматы қаласы мен Алматы облысына жіберілді.
Басылымның мәліметінше, иттің табылып-табылмағаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары оның да аман екенін жазып жатыр.
Бұған дейін Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам өлі табылған еді.