Алматыға қашан жылу беріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыға қашан жылу беріледі? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматыда жылу қашан қосылады? Бұл сауалға Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, бес күн бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады.

Бірінші кезекте балабақшаларға, мектептерге, емханаларға, кәсіптік мектептерге және медициналық-әлеуметтік ұйымдарға жылу беріледі.

Жарнама
Жарнама

Кейін тұрғын үйлерде, жатақханаларда және қонақ үйлерде жылу қосылады. Содан соң әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар және басқа да нысандар қосылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама