Желіде Алматыға кіреберісте бірнеше шақырымға созылған кептелістің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жарияланған видео авторлары осымен екі сағат кептелісте тұрғандарын айтады.
Тағы бір видеода Боралдай ауылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында пайда болған кептелісті көруге болады.
Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері расында да блокбекеттер орнатылған аумақтарда кептеліс пайда болғанын айтты.
"Мұндай кептелістің пайда болуы карантин режимінің жеңілдетілуі себеп. Кейбіреулер карантин аяқталды деп, қалаға кіруге немесе қаладан шығуға тырысып жатыр. Тағы да еске саламыз, карантин әлі аяқталған жоқ. Блокбекеттен тек аты-жөні арнайы реестрде тіркелгендер ғана өте алады", - деді полицейлер.
Ведомство өкілдері блокбекеттерде көліктерді тексеріп жатқандарына түсіністікпен қарауға шақырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!