Алматыға кіреберістегі кептеліске байланысты блокбекеттердегі бақылау күшейтілді

Видеодан алынған кадр

Алматыда тағы да бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Жүргізушілер қалаға кіру үшін жол қозғалысы ережелерін бұзып жатыр. Осыған байланысты полицейлер блокбекеттердегі бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кептелістің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланды. Видео авторларының бірі үйден жұмысқа таңғы 05.00-де шықса да жұмысқа кешіккенін жазған.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Алматы полиция департаменті тұрғындардан жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады. Осы мақсатта блокбекеттерге қосымша полиция жасақтарының жұмылғаны айтылады.

Сондай-ақ, ереже бұзған жүргізушілердің ерте ме, кеш пе заң бойынша жазаланатыны айтылды.

"Біз қосымша жол полициясы жасақтарын жұмылдырдық. Олар кептеліс көп болып жатқан аумақтардағы блокбекеттерде тұрады", - деді полицейлер.

Ведомство өкілдерінің айутынша, блокбекеттердегі жағдай үнемі бақылауда.

Еске салайық, кеше Алматыға кіреберісте бірнеше шақырымға созылған кептелістің видеосы тараған еді. Жарияланған видео авторлары осымен екі сағат кептелісте тұрғандарын айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама