22 қаңтар 2022 | 22:16

Алматыға "Спутник Лайт" вакцинасы келді

Фото: instagram/almaty_zdrav

Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына "Спутник Лайт" вакцинасының 12 000 дозасы келді. Препарат ревакцинацияға арналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына "Спутник Лайт" вакцинасының 12 000 дозасы келді. Препарат ревакцинацияға арналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. 

Вакцина халыққа 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханасында қолжетімді болады.

Сонымен қатар, ревакцинация толық екпе алғаннан кейін кемі 6 айдан соң ғана жүргізілетіні жазылған.

Реклама
Реклама

"Спутник Лайт" - векторлық вакцина, оның құрамы "Спутник V" препоратының бірінші компонентіне ұқсас.

Қазіргі уақытта Алматыда ревакцинация үшін QazVac, Vero Cell және жаңадан келген "Спутник Лайт" вакциналары қолжетімді. Ал Pfizer өзінің контингентіне, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлеріне салынады. 

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer компаниясы Қазақстанда ақылы вакцинация үшін өз препаратын ұсынбайтынын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная