25 қазан 2018 | 15:33

Алматыға тағы 200 жаңа автобус келді

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Көлік реформасын жүзеге асыру аясында қаланың жолаушылар көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік реформасын жүзеге асыру аясында қаланың жолаушылар көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар №48 бағыт бойынша жүреді, сонымен қатар № 12, 19, 56, 70, 77, 123, 124, 137 бағыттар күшейтіледі.

Реклама
Реклама

Ертеңнен бастап № 36, 51, 125 бағыттағы ескі газельдердің орнына жаңа автобустар қызмет көрсете бастайды, бұлар қозғалысы шектеулі жандар үшін қолайлы әрі тар көшелермен жүре алады. № 40, 46,122 бағыттар да кұшейтіледі.

Сонымен қатар, № 59, 69, 71 бағыттарды жылжымалы состав толық жаңарады. № 8, 44, 74 бағыттар бойынша қосымша автобустар шығады.

№205 бағыт бойынша жаңа магистральды қозғалыс ашылады, ол Райымбек даңғылы бойымен «Барлық» базарынан қаланың бастыс жағын және "Жетісу" базарының шығыс жағын қамтиды. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға жаңа 20 автобус қызмет көрсетеді.

Алматы агломерациясы бойынша жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру үшін Қаскелең қаласына қатынайтын ұзындығы 12 метрлі автобустар жүретін жаңа бағыт ашу жоспарлануда.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі кезде көлік саласында ашық нарықтық механизмдердің жұмыс істей бастағанын атап өтті. Жылжымалы составты жаңарту, арнайы жолақтар ашу арқасында жолаушылар ағыны артуда.

"Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруге тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы – тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет", - деді мегаполис басшысы.

Айта кетейік, қалаға жаңадан келген төмен еденді ЛиАЗ маркалы автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен жабдықталған және экологиялық сыныптағы Евро-5 стандартына сай. Жылжымалы составтың дайындығына орай бағыттарға шығумен кезеңмен атқарылады.

Алматыда жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға дейін жететін болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная