16 қараша 2021 | 17:09

Алматылық атқыштың ісі. Тоқаев қарыз алушылар мәселесін шешуді тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда үйден мәжбүрлеп шығару кезінде ер адам бес адамды атып өлтірген қайғылы оқиғадан кейін Қазақстандағы қарыз алушылар мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда үйден мәжбүрлеп шығару кезінде ер адам бес адамды атып өлтірген қайғылы оқиғадан кейін Қазақстандағы қарыз алушылар мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыркүйекте Алматыда мәжбүрлеп көшіру кезінде қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болды. Бұл - ақтауға болмайтын қылмыс. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, онда барлық даулы мәселе қатаң заңға сәйкес, шешілуі тиіс. Өз білгенін істеуге ешкімге рұқсат жоқ. Бұл қайғылы оқиға кепілге қойылған мүлікті дұрыс бағаламау мәселесін жүйелі түрде шешу қажет екенін көрсетті", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚКК) отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде 540 мың қазақстандықтың жалпы сомасы 354 миллиард теңге болатын, төлеу мерзімі 90 күннен асқан берешегі бар.

Реклама
Реклама

"Қаржы секторына нұқсан келтірмей қарыз алушыларды қолдау үшін сараланған шаралар қабылдау қажет. Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатының икемділігін қамтамасыз ету және бағалау қызметін реттеуді күшейту талап етіледі. Қарыз алушыға мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғанға дейін 3 ай ішінде және Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қосымша үш ай ішінде кепіл мүлкін өз бетінше сату құқығы берілуге тиіс", - деді Президент.

Сондай-ақ, ол егер мерзімі өткен берешектің мөлшері оның бағалау құнының 15 пайызынан аз болса және мерзім 6 айдан аспаса, кепілдік мүлікті өндіріп алуды шектеуді тапсырды.

"Егер қарыз алушының сатылған мүлкі негізгі борыш сомасын жаппаған жағдайда, оның қалған берешегі есептен шығарылуға тиіс. Бірақ борышкердің басқа мүлкі жоқ және оның кірісі ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана.

Аукциондық сауда-саттықтың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету талап етіледі. Аукциондық сауда-саттыққа қойылатын кепілге салынған мүлік оның бағалау құнының 70 пайызынан төмен сатылмауға тиіс. Сонымен бірге, мұндай сауда-cаттыққа кепіл ұстаушыларға, яғни банктерге, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне, олармен үлестес тұлғаларға және сенім білдірілген тұлғаларға сатуға жол беруге болмайды, борышкердің және оның жақын туыстарының сауда-саттыққа бір жолғы қатысуын алып тастау қажет", - деді Президент.

Сондай-ақ, бағалаушыларға қойылатын талаптарды күшейтуді, олардың еңбек өтілі үш жылдан кем болмауын тапсырды.

"Бұл ретте бағалаушылар үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтуі тиіс. Бағалаушылардың есеп беруін енгізу және сенімсіз бағалаушылардың тізілімін құру қажет. Сонымен қатар, бағалау қызметіне лицензияларды тоқтата тұру және тоқтату тәртібін қатайту қажет. Үш жылға тоқтата тұру шағымдану құқығынсыз, ал тоқтату - бес жылға. Заңбұзушылық қайталанған жағдайда бағалау қызметіне жіберу құқығынан біржола айырылуы тиіс.

Мен бұған дейін тапсырма бергенімдей, Үкімет Ұлттық банкпен, Қаржылық реттеу агенттігімен және Парламентпен бірлесіп ағымдағы жылдың соңына дейін тиісті заңнамалық нормалардың қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная