ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2023 | 17:02
Алматылық автобустар "зиратын" видеоға түсіріп көрсетті
Әлеуметтік желі қолданушысы, алматылық Аюп Алматы облысы Жетіген ауылындағы "автобустар зиратын" видеоға түсіріп алды. Алматы қалалық автобус паркі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желі қолданушысы, алматылық Аюп Алматы облысы Жетіген ауылындағы "автобустар зиратын" видеоға түсіріп алды. Алматы қалалық автобус паркі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аюп пен құрбысы Жетіген ауылы арқылы өтетін тасжолмен Қонаевқа барған. Қалаға қайтып келе жатып, картадан тамақ ішетін орын іздей бастаған. Сол сәтте картадағы біртүрлі суретке көзі түседі - автобустар зираты.
"Ол дауыстап айтты, таңғалып, "қане көрсетші" дедім. Көрдік сосын сол жерге бардық. Ауа райы да ашық болып тұрды, жақсы сурет шықты. Мен қалада автобустарға жиі мінемін. Мынау 205 нөмірлі ұзын автобустар. Қазір бұларды алып тастаған. Мен осыларды қайда апарып тастайды екен деп ойлаушы едім? Міне, көрдім, жауабын таптым" – деді Аюп.
Аюптың айтуынша, қалада қоғамдық көліктер жетіспейді, "ал мыналар не үшін тұр"? Аумақ қоршалған камералар орнатылған бірақ күзетіп жүрген ешкім жоқ.
Айта кетейік, кадрларда 2011 жылғы Азиада ойындарына сатып алынған Yutong маркалы газбен жүретін автобустардан басқа, тұрақта салыстырмалы түрде жақында, 2017 жылы сатып алынған жасыл ЛиАЗ автобустары бар. Одан кейін әкімдік 11,5 миллиард теңгеге 300 дана ресейлік автобустарды сатып алған болатын.
Қалалық "Алматыэлектротранс" автобус паркі біздің сауалымызға берген жауабында Мемлекет басшысының 2022 жылдан бастап газ немесе электр қуатымен жүретін экологиялық таза көлік түрлеріне көшу қажеттігі туралы тапсырмасынан кейін дизельмен жүретін автобустарды Алматы облысы әкімдігінің балансына беру туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Бұл қадам Алматы облысындағы қоғамдық көлік жағдайын жақсартуға тиіс еді.
"Алматы қаласы әкімінің 2022 жылғы 22 қазандағы №4/547 қаулысы негізінде "Алматыэлектротранс" ЖШС-нің жарғылық капиталынан дизельдік отынмен жүретін 300 автокөлік құралдарын шығарып, коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданды. "Алматы облысына "ЛиАЗ", "ГАЗ" және "ПАЗ" автобустары берілді. Берілген автобустардың барлығы дизель отынмен жүретін және жоғары деңгейде тозған", - деді "Алматыэлектротранс" АҚ мамандары.
Автобус паркі мәліметінше, жолда жүріп жүрген автобустардың 70 пайызы ескірген. Қаладағы автобустардың қызмет ету мерзімі 8 жыл. Оның орнына Алматыда 600 газбен жүретін автобус сатып алу керек. Оның алғашқы 100-і осы айдың аяғына дейін жеткізілуі тиіс. Қалған 500 автобусқа барлық тендерлер жарияланып, жеткізушілер анықталды. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін жеткізіледі деп күтіліп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также