05 сәуір 2021 | 16:50

Алматылық блогердің флешмобы Желі қолданушыларын тәнті етті

Әлеуметтік желіде блогер Әлішер Әлиевтің флешмобының видеосы тарады. Алдымен ол өтіп бара жатқан адамдарға жұдырығын көрсетеді, кейін алақанын ашып кәмпит ұсынады. Блогер адамдардың реакциясын видеоға түсіріп, желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде блогер Әлішер Әлиевтің флешмобының видеосы тарады. Алдымен ол өтіп бара жатқан адамдарға жұдырығын көрсетеді, кейін алақанын ашып кәмпит ұсынады. Блогер адамдардың реакциясын видеоға түсіріп, желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Флешмоб бойынша блогер көшедегі адамдарға жұдырығын көрсетіп, жауап ретінде "жұдырық соғуды" сұрайды. Кейін жауап берген адамдарға алақанын ашып, кәмпит ұсынады. Видеоға адамдардың қалай жауап бергені және эмоциясы түсірілген.

Реклама
Реклама

Блогер флешмобты #добросердце деп атаған.

Желі қолданушылары блогерге қызық флешмоб және ерекше көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтты. Оқырманы одан Нұр-Сұлтанға келуді сұраған. Блогер өтініштерін орындауға уәде берді.

Сонымен қатар желі қолданушылары барлық адамға сенуге болмайтынын және бөтен адамдардан ештеңе алмаған жөн екенін айтқан.

"Қазіргі уақытта бөтен адамның қолынан ештеңе алмаған дұрыс. Ол маньяк болуы да мүмкін. Адамдар бір-бірін 20 теңге үшін де өлтіреді, сондықтан абай болайық", - деп кеңес берген қолданушылардың бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная