Алматылық дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы зақымданған әйелді аман алып қалды

Фото:elements.envato.com

Алматылық дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы зақымданған әйелді құтқарып қалды. Науқас коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда екіжақты пневмониямен ауруханаға түскен. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы зақымданған әйелді құтқарып қалды. Науқас коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда екіжақты пневмониямен ауруханаға түскен. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 56 жастағы әйел Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына түскен. КТ тексеру кезінде өкпенің екіжақты полисегменттік зақымдануын көрсетті. 96 пайызы зақымданғаны анықталған.

"Екінші дәрежелі артериялық гипертониясы болғандықтан жағдайы нашарлады. Науқас дереу жансақтау және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 10 күн бойы жансақтау бөлімінде әйелдің өмірі үшін күрескен", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Реклама
Реклама

Дәрігерлер оттегі беретін аппараттарды, тамшылар мен басқа да құралдарды пайдаланды. 

"Бүгінде науқастың жағдайы жақсы.Тексерістерден соң учаскелік дәрігердің бақылауында болады", - деді ведомстводағылар.

Алматылық әйел дәрігерлерге алғыс айтты.

"Мен дәрігерлерге, медбикелерге және санитар қызметкерлерге өте ризамын. Олар мені аман алып қалды. Маған екінші өмір сыйлағандары үшін үлкен рақмет!"- деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама