Алматылық екі жасар қыздың анасынан да коронавирус анықталды

© REUTERS

Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың анасы да вирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың анасы да вирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Оның айтуынша, 18 наурызда Алматыда 17 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 14 науқас жатыр, ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала мен бірінің анасы жатыр.

Реклама
Реклама

"Екі жасар қыз анасымен жатыр. Анасынан да коронавирус анықталды. Екеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы жоқ, вирустың белгілері байқалмайды. Олармен байланыста болған адамдар 14 күндік карантинге жатқызылды", - деді ол.

Алматыда екі жасар қыз коронавирус жұқтырды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама