ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2018 | 10:46
Алматылық ғалымдар мен студенттер қасиетті орындардың тізіміне енбей қалған нысандарды іздейді
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен "Ұлы далаға тағзым" ғылыми, кәсіби-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз орталығының басшысы Жандар Асанға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен "Ұлы далаға тағзым" ғылыми, кәсіби-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз орталығының басшысы Жандар Асанға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, экспедиция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында жасақталып отыр. Құрамында оқу орнының ғалымдары мен студенттері бар топ Жетісу өңіріндегі қасиетті орындар мен киелі кешендерді нақтылау және ғылыми-зерттеу жобаларын құру бағытында жұмыс істемек. Идея авторы - Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.
Экспедиция бұған дейін Алматы облысындағы Кербұлақ, Сарқан, Панфилов, Іле және Жамбыл аудандарында болды.
"Кәсіби-танымдық экспедиция барысында аталған аймақтардағы тарихи жадымыз бен санамызды қалпына келтіру, оларды көпшілікке кеңінен танымал болуын насихаттау міндеті жүктелді. Экспедиция барысында университет ғалымдарының жоғары біліктілігі мен ұйымшылдығының арқасында жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде орындалды. Біз өз төл тарихымыздың негіздерін ғылыми түрде дәйектеп, мәдени-рухани құндылық¬тарымызды жаңаша сараптауға тиіспіз", - дейді Жандар Асан.
Асанның айтуынша, экспедиция барысында аталған аудандардағы білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнату, аймақтағы киелі жерлер бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, білімді оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту және оларға кәсіптік бағдар беру сияқты жұмыстар орындалды. Сондай-ақ, осы аймақтардағы "Қазақстанның 100 киелі орындарының" тізіміне кіретін нысандарға және көпшілікке таныла қоймаған киелі, қасиетті орындарға экскурсия жасалды.
"Еліміздің қасиетті жерлерін түгендеу, қағазға түсіру жай ғана тізімдеп шығумен бітпейді. Дегенмен де әлі де ашылмаған, айқындалмаған тарихи нысандар бар. Қазақстанның түкпір-түкпірін осы тақылеттес арнайы экспедициялар аралап жүріп шығуға тиіс. Білікті мамандардан құралған экспедициялық топ жұмысының нәтижесінде жас ұрпақтың бойында жаңа қазақстандық патриотизм мен мемлекетшілдік рухты сіңіру үшін бірқатар жұмыстар атқарылуы қажет деген байламға келдік. Олардың қатарында қасиетті орындардың тізіміне енбей қалған нысандарды іздеу жұмыстары одан әрмен жүргізу, аймақтағы тарихи тұлғалар туралы жергілікті халықпен бірлескен жеке зерттеулер ұйымдастыру және қасиетті киелі орындар туралы толыққанды зерттеу жұмыстары жүргізіліп нәтижесін оқулықтарға енгізу сияқты жұмыстар бар", - деп атап өтті Қыздар университетінің ресми өкілі.
Показать комментарии
Читайте также