31 мамыр 2023 17:05

Алматылық хирургтар жаңа туған нәрестеден алып ісікті алып тастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы ҚДСБ ұсынған

Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеден алып ісік - линфангиоманы алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеден алып ісік - линфангиоманы алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ҚДБ баспасөз қызметі мәліметінше, сәби шала туған, салмағы - 2,495 грамм. Туа біткен ісік оң жақ қолтық тұсында пайда болған және денсаулығына ауыр зардап әкеп соққан. Дәрігерлер тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, I дәрежелі қан айналымының бұзылуы диагнозын қойды. Ісік бала ағзасының қалыпты жұмысына кедергі келтірген.

Реклама
Реклама

Туған кезде баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Екі апта бойы дәрігерлер кішкентай сәбидің өмірі үшін күрескен.

"Диагноз - оң жақтағы қолтық асты аймағының үлкен лимфангиомасы, өлшемі 12-ден 17 сантиметрге дейін. Шала туған - 34 апта. Ота 75 минутқа созылды. Ол сәтті өтті, бала сауығып ауруханадан шығарылды", - деді Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының хирургі Жалғас Құниязов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram