30 қараша 2023 11:09

Алматылық хостелдегі өрт: қылмыстық іс тіркелді

Фото ©Юлия Сарачакова

Алматыдағы хостелде шыққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы хостелде шыққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт ошағы жертөле дәлізінде болған.

"Алматы ТЖД өрттің осы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт орнында Алматы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы 457 шаршы метр болады.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.

Алматыда өрт шыққан хостел бұрын қандай болған? Суреттер

Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram