ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2023 | 14:49
Алматылық хостелдегі өрт: Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты", - делінген хабарламада.
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.
Алматыда өрт шыққан хостел бұрын қандай болған? Суреттер
Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.
Үкімет хостелдегі өртті тергеу бойынша комиссия құрды. Сондай-ақ, өрт дерегі бойынша қылымыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также