ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2020 | 09:31
Алматылық жаңадан туған сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлады
Алматылық жас ана сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Әйел адамның сөзінше, дәрігерлер сәбидің жүрегінде ақау барын дер кезінде анықтамаған. Нәтижесінде сәби үш айдан кейін қайтыс болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық жас ана сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Әйел адамның сөзінше, дәрігерлер сәбидің жүрегінде ақау барын дер кезінде анықтамаған. Нәтижесінде сәби үш айдан кейін қайтыс болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Алматылық 28 жастағы Нұрсұлу Мусинаның алғашқы жүктілігі 9 ай бойы қалыпты өткен. Айы-күні жеткенде толғақ қысып, перзентханаға жеткізіліпті. Сәбиін 21 мамырда қаладағы Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында дүниеге әкелген. Бірақ жаңа туған баласының денсаулығында кінәрәт барын сезіпті.
"Баланың дем алғаны да бір түрлі болды. Демікпе. Мен оның дұрыс емес екенін байқадым. Сол кезде перзентханада дәрігерден сұрадым. Неге менің балам бұлай демалады, қараңызшы дұрыс емес сияқты" деп, жоқ жаңа туған баланың бәрі осылай демалады деп жауап берді", - дейді Нұрсұлу Мусина.
Дәрігерлер нәресте мен жас ананы бес күннен кейін үйіне шығарған. Бірақ бала күн өткен сайын салмақ қосу орнына керісінше әлсірей беріпті. Жеке клиниканың біріне тексерткенде, "туа біткен жүрек ауруымен туған" деген диагноз қойған. Сөйтіп сәби отаға дейін көз жұмған.
"Бірінші қыркүйекке қараған түні баламның жүрегі тоқтады. Мен соған таңғаламын, қазір неше түрлі құрал, узи бар. Қалай оны көре алмады?", - дейді Нұрсұлу Мусина.
Басқарма басшылары телеарна сауалына жазбаша қысқа жауап жолдаған. Құжатта сәбидің жүрегіндегі туа біткен ақауды уақытында көру мүмкін болмағаны айтылған. Ал себебін түсіндірмеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также