29 маусым 2021 | 17:53

Алматылық ЖОО-да вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойыны болады

Фото ©РИА Новости

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойыны болады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойыны болады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша Қыздар университеті вакцина алған студенттер, профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында ағылшын тілі бойынша ақылы курстарға арнайы ұтыс ойынын өткізеді.

Ұтыс ойынына биыл 30 маусым мен 5 шілде аралығында вакцинаның бірінші компонентін алғандар қатыса алады.

Реклама
Реклама

Қатысушылар арасынан 3 студент, 3 оқытушы және 3 қызметкер арнайы бір айлық сертификаттарға ие болатыны хабарланды. Шілдеде жеңімпаздардың аты-жөндері анықталып, оның нәтижесі жарияланады.

Университет баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері ерікті түрде екпе салдырып жатыр. Ең алғаш болып оқу орнының басқарма төрағасы - ректоры Гүлмира Қанай "Спутник-V" вакцинасын салдырған.

"Менің ойымша, екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алады. Вакцина салдыру арқылы ғана барлық шектеу алынатынына, халық қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына, білім алу оффлайн жүйеге көшетіне сенімдімін", - деді Гүлмира Қанай.

Қыздар университетінің медициналық пункті екпемен толық қамтамасыз етілген. Вакцина салу ерікті түрде жүзеге асырылып жатыр.

"Біз қызмет бабына байланысты өзімізді өзгелер үшін жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан да екпе қабылдауға шешім қабылдадық. Университет студенттері мен оқытушыларының денінің саулығы үшін баршамыз екпе алуымыз қажет деп санаймыз. Бұл орайда білім ордасының қызметкерлері жауапкершілікті сезініп, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланғаны жөн", - дейді университет ұжымы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная