22 мамыр 2020 17:58

Алматылық кәсіпорындардың ТЖ кезінде жұмысшыларға 500 миллион теңге қарыз болғаны анықталды

Алматыда төтенше жағдай кезінде банкротқа ұшыраған кәсіпорындар 483 жұмысшыға 440 миллионнан астам теңге қарыз. Бұл туралы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары, еңбек бас инспекторы Айнұр Мұқажанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыда еңбек инспекторлары 81 тексеру жүргізіп, 92 заң бұзу дерегін анықтады. Банкротқа ұшыраған кәсіпорындар 438 қызметкерге 440 миллионнан астам теңге қарыз. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 35 кәсіпорын жұмысшыларына 72 миллион теңге қарызын қайтарды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Айнұр Мұқажанова наурыз-сәуір айларында зейнетақы жарналарын төмендеткен кәсіпкерлерді тексеріп жатқанын атап өтті.

"Жұмыс берушілерге қатысты тиісті шаралар қолданылады", - деді басқарма басшысының орынбасары.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram