27 шілде 2020 | 09:25

Алматылық келіншек Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы ұлын іздестіруге келді

© Sputnik Грузия

Алматылық Ксения Пилпани Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы ұлын іздеуге келді, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Ксения Пилпани Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы ұлын іздеуге келді, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Ол Грузияға елдің Сырты істер министрлігі, Қазақстанның Грузиядағы консулдығы, БАӘ және Нидерландтан Амстердаммен транзит арқылы келген. Бүгінде ол Тбилисидегі қонақ үйлердің бірінде карантинде жатыр және коронавирусты анықтауға арналған тестінің нәтижесін күтіп отыр. Егер тест нәтижесі теріс болса, оған Сванетиге барып, ұлын іздеуге рұқсат беріледі. 

Реклама
Реклама

"ПТР-тестін әр 72 сағат сайын тапсыруым керек, бәлкім Зугзидиге баратын шығармын. Әзірше білмеймін", - дейді келіншек. 

Еске салайық, бұған дейін Грузияда туыстарына қонаққа келген 13 жастағы Илья Пилпани із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ол 18 шілдеде таңертең велосипед тебуге шығып кеткеннен оралмағаны хабарланған еді. 

Грузияда пандемия салдарынан елге қайта алмаған 13 жастағы алматылық жоғалды

Жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама төтенше жағдайлар департаментіне 19 шілдеде түскен. Ильяны соңғы рет Ленджери аулында көргендер бар.

Илья Пилпани Алматыдан әкесінің туыстарына қысқы демалыста қыдырып кеткен. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанға қайта алмаған. Осылайша жазғы демалысы да Грузияда өтіп жатқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная