Алматылық көрші елге жеткізіп беремін деп алған 21 тонна мотор майын сатып жіберген

Алматылық көрші елге жеткізіп беремін деп алған 21 тонна мотор майын сатып жіберген Фото:depositphotos.com

Полиция ұрланған 21 тонна мотор майын иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция ұрланған 21 тонна мотор майын иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент полицейлері халықаралық жеткізу қызметін көрсетемін деп құны 14 миллион теңгеден асатын мотор майының ірі партиясын иемденген алаяқты ұстады.

"Алматы тұрғыны тауарды оңтүстік астанадан көрші елге тасымалдауға уәде берген. Алайда міндетін орындамай, майды үшінші тұлғаларға төмен бағада сатып жіберген. Әрі қарай бөшкелер қолдан қолға бірнеше рет қайта сатылып, Шымқаладағы кезекті сатып алушыға түседі. Мұнда тәртіп сақшылары тауарды анықтап, тәркілейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғаушылар күдіктінің жеке басын анықтап, оны қамауға алды. Қозғалтқыш майы заңды иесіне қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама