ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2018 | 23:15
Алматылық қыз ҰБТ-дан 140 балл алды
Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова ҰБТ-дан 140 балл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов растады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова ҰБТ-дан 140 балл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов растады.
"Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы - Алматы қаласы 123 мектеп-гимназиясының түлегі көп күткен ең жоғары 140 балл алды", - деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz тілшісіне. Оның айтуынша, Шиара Құдайбергенова 25 маусымда тест тапсырған.
"Шиараны тамаша нәтижесімен құттықтаймын. Жарайсың. Кез келген ісінде жақсы маман болсын деп тілеймін. Оның мұғалімдері мен ата-анасына алғыс айтамын", - деді вице-министр.
Шиара Құдайбергенова Алматыдағы Қожа-Ахмет-Яссауи атындағы 123 мектеп-гимназиясында оқып бітірді.
Шиара 2017 жылы "Инабат" сұлулар сайысында жеңімпаз атанған. Бұл сайыста Әуезов ауданының бес үздік мектебінен арулар қатысқан.
Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.
Показать комментарии
Читайте также