ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2023 | 14:39
Алматылық оқушы министрге музыкалық кабинеттің тарлығын айтып шағымданды
Алматылық оқушы Мәдениет және спорт министріне мектептегі музыкалық кабинеттің шағын екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық оқушы Мәдениет және спорт министріне мектептегі музыкалық кабинеттің шағын екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Күләш Байсейітова атындағы мектеп-интернатқа барды. Кездесу барысында оған 5-сыныпта оқитын Ассамад Әуелбек есімді оқушы келіп, музыкалық аспаптармен айналысатын бөлменің тар екенін айтып, кеңірек студия беруді сұрады. TikTok әлеуметтік желісінде баланың министрге айтқан видеосы жарияланды.
@madeniet_sport_turizm♬ оригинальный звук - madeniet_sport_turizm
Бала барабанда ойнауды үйреніп жүргені белгілі болды. Ал оны тар кабинетте үйрену өте ыңғайсыз көрінеді.
"Кабинет тым тар, аздап кеңейту керек", – деді бала министрге.
Асхат Оралов бұл мәселені өз бақылауына алынатынын айтып, биылғы жылы мектепке жаңа музыкалық аспаптар мен білім беру мекемесінің басқа да қажеттіліктеріне 250 миллионнан астам қаржы бөлінетінін жеткізді.
Сондай-ақ министр бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілетініне уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также