11 қаңтар 2021 12:00

Алматылық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық білім басқармасындағылар оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық білім басқармасындағылар оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, үшінші тоқсанда Алматыда бұрынғыдай кезекші сыныптар болады.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева үшінші тоқсанда 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін 15 баладан артық емес кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат етілгенін айтты.

"Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көрсетіледі). Кезекші сыныптарда балаларды оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі", - деді Жылқыбаева.

Сондай-ақ, үшінші тоқсаннан бастап 9 және 11 сынып оқушылары аралас оқуға көшетіні белгілі болды. Яғни, сабақтың 70 пайызы оффлайн, ал 30 пайызы онлайн режимде өткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram