22 қаңтар 2023 09:22

Алматылық өрт сөндіруші үшемнің әкесі атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Еламан Дәуеновтың жас отбасында Әмірхан, Әлихан және Аяла есімді үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл - Алматы қаласы ТЖД Өртке қарсы қызмет гарнизоны үшін қуанышты жағдай. Әріптесіне қолдау көрсету үшін сәбилерді шығарып алу рәсіміне №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі екінші қарауылының жеке құрамы және өрт сөндіру қызметі басқармасының басшылығы барды.

Жас әке атанған 26 жастағы Дәуенов Еламан Қамбарұлы мемлекеттік өртке қарсы қызметте 7 жыл қызмет етіп келеді.

Реклама
Реклама

ТЖД басшылығы жас отбасыға қолдау көрсетіп, ҚР заңнамасына сәйкес тиісті материалдық көмек берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram