05 қазан 2021 | 17:43

Алматылық полицейлер онкологиясы бар әйелге көмектесті

Instagram-да Алматыда түсірілген видео пайда болды. Видеода қыз патрульдік полиция  анасын ауруханаға тез жеткізуге көмектескенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Данияр Маратұлынан егжей-тегжейін білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейдің айтуынша, қыз көлік кептелісі кезінде көмек сұраған.

"4-қазан күні таңғы сағат 8.40-та полиция аға лейтенанты Жаннұр Айтбаев пен Дастан Жанболатов екеуміз Бұқтырма көшесінің бұрышында, Құлжа жолының жанында кептеліспен жұмыс істеп жатқанбыз, кенет бір қыз көлікте анасы тұншығып жатқанын айтып көмек сұрады. Қарт әйел оттегімен автокөлікте отыр екен, біз бірден көлікке кіріп, оларды өз көлігімізге отырғызып ауруханаға дейін шығарып салғымыз келді. Бірақ қыз бас тартты, тек кептелісті айналып өту үшін көмек қажет екенін айтты", - дейді Данияр.

Реклама
Реклама

Полицей бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланады деп күтпегенін айтты. 

"Бұл қарапайым жұмыс күнінің бірі болғандықтан көңіл бөлмедік. Олар болған оқиғаны видеоға түсіріп әлеуметтік желілерде жариялайды деп күтпедік. Бізден күніне көп адам көмек сұрайды. Біреуді жанармай құю бекетіне жеткіземіз, біреудің дөңгелегін ауыстыруға көмектесеміз, тіпті машина итеруге көмектесетін кездер болады. Бұл біздің жұмысымыз".

Толық бейнені мына жерден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram