31 наурыз 2023 | 08:13

Алматылық саудагерлер банкротқа ұшырамас үшін бағаны көтеруді көздеп отыр

Дина Шарипханова Корреспондент
КТК кадры

30 наурызда Алматыдағы ірі базарлардың бірінде саудагерлер контейнерлерді жауып, базар директорына барған. Жалдау ақысы өсті деген хабар кәсіпкерлерді дүрліктірді. Олар банкротқа ұшырамас үшін автокөлік бөлшектерінің бағасын көтеруге мәжбүр болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

30 наурызда Алматыдағы ірі базарлардың бірінде саудагерлер контейнерлерді жауып, базар директорына барған. Жалдау ақысы өсті деген хабар кәсіпкерлерді дүрліктірді. Олар банкротқа ұшырамас үшін автокөлік бөлшектерінің бағасын көтеруге мәжбүр болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көлік бөлшектерін сатушылар 30 наурызда ірі базарлардың бірінде саудасын тоқтатты. Наразы кәсіпкерлер базар директорының атына жеке шағымдарын жеткізген. Жекеменшік иелері алдағы өзгерістерге наразы: 1 сәуірден бастап олар жалға алу ақысын үштен бірге көтереді.

Ирина бесінші жыл қатарынан бутикті жалға алады, ол көлік жөндеуге арналған құралдарды сатады. Әйел сауда аз екенін айтады. Ал қазір иесі жалдау ақысын көтеріп жатыр. Қазір 122 000 теңге болса, 1 сәуірден бастап 180 000-ға жуық ақша төлеуге тура келеді. Жеке саудагерлер банкротқа ұшыраудан қорқады.

Реклама
Реклама

"Бізге қиын, өйткені мұнда трафик нашар. Интернетте жарнама жасаймыз. Біз барлық жерде: Instagram, TikTok желісінде бармыз, адамдар бізге келу үшін, өйткені бұл жерді білмейді. Жалға алушыларға кіру ақылы, болып тұр", - дейді кәсіпкер Ирина Венцкявечене.

Наразы халықтың алдына базар басшысы, Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, мәслихат депутаттығына үміткер Бағдат Манзоров шықты. Директордың айтуынша: жалдау ақысының қымбаттауы – амалсыз шара. Ал жаңа шарттарға көңілі толмайтындар орындарын босата алады.

"Биыл бізде күрделі жөндеу қажет. Бес жыл өтті. Биыл қыста апат болды, суық. Жазда ыстық. Желдету, жылыту жүйесін қалпына келтіру. Бізге шамамен 250 миллион керек. Біз адамдарды мәжбүрлемейміз. Бізде келісім бар - кез келген уақытта бұза аламыз. Бір ай бұрын хабарлау керек. Біз ешкімді мәжбүрлемейміз", - деді базар директоры Бағдат Манзоров.

Ұзақ келіссөздерден кейін базар директоры 1 сәуірден бастап бір шаршы метрді жалға беру ақысын бес емес, 4 мың теңгеге көтеруді ұйғарды. Бірақ саудагерлер бұған да қанағаттанбайды. Бұған жауап ретінде кәсіпкерлер келесі айда көлік бөлшектерінің бағасын көтеруді көздеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная