30 қазан 2024 | 15:23

Алматылық судья пара алды деген күдікке ілінді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде 22 қазанда Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакцияның ресми сауалына берген жауабында судьяның пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Сұрауда көрсетілген адамға қатысты ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 ("Пара алу") және 190 ("Алаяқтық") баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жауап берді ҰҚК.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная