Алматылық Таиландтан келген “ірімшік“ үшін 16 жылға сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Алматыда Таиландтан Қазақстанға ірі көлемде есірткі жөнелту ісіне қатысты үкім шықты. Ер адам заңсыз заттарды тасымалдағаны және сатқаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Таиландтан Қазақстанға ірі көлемде есірткі жөнелту ісіне қатысты үкім шықты. Ер адам заңсыз заттарды тасымалдағаны және сатқаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл шілдеде Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен қала тұрғынына қатысты үкім шығарды. Ол аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және сату қылмыстары үшін кінәлі деп танылды.

Тергеу және сот процесі барысында оның есірткі және психотроптық заттарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізіп, оларды халықаралық пошталық сәлемдеме ішінде жасырғаны анықталды. Тыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен "Cheddar" ірімшігі түрінде жеткізілген. Алушы сәлемдеме ішіндегі заттарды үшінші тұлғаларға беруді жоспарлаған.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау және кеден органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық әрекет сату сатысына жетпей тұрып әшкереленді.

"Мемлекеттік айыптаушы ауыр жаза тағайындаудың қажеттілігін негіздеп, сот бұл уәжбен келісіп, сотталушыны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама