Алматылыққа Бишімбаевтың сотына қатысты жазбасы үшін айыппұл салынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы тұрғынына Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты жазбасы үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғынына Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты жазбасы үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Ислам Угушевтың Қуандық Бишімбаевтың соты туралы әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан кейін құқық қорғау қызметкерлері тарапынан қудаланып, айыппұл салынғаны туралы үндеуі пайда болды. Ол өз жазбасында Бишімбаев сотта телефон қолданды деп топшылаған.

Реклама
Реклама

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақша авторы анықталғанын, ол өз жазбасында сот процесінде сотталушы Бишімбаевтың ұялы телефон пайдаланғаны туралы хабарлағанын жеткізді.

"Ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды", - деді полиция өкілдері.

Айта кетейік, 3 сәуірде Бишімбаевтың ісі бойынша өткен сотта телефон талқыланған болатын.

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама